Әлеуметтік желіге шолу жүргізгенде Атырау қаласының орталық көшелерінің бірінде арнайы жасақ бірнеше адамды қолына кісен салып ұстап тұрғаны түсірілген видеоға тап болдық.
Атырау облысы полиция департаментінен анықтағанымыздай, "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде заңсыз қару алып жүрді деген екі күдікті анықталып, ұсталған.
Қазіргі таңда қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, деп мәлімдеді Полиция департаментінен.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ