Атырау, 25 қараша 11:33
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда үй сұраған анаға тұруға жарамсыз пәтерді ұсынған

Бейнежазба
54 просмотра

Атырау қаласында үй кезегінде тұрған ерекше баланың анасына жергілікті әкімдік әбден тозығы жетіп, тұруға жарамсыз болған  үйді уақытша паналауға ұсынған. Пәтердің жағдайы түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. 

Анықталғандай, екі ерекше баласы бар анаға уақытша пәтерді Атырау қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мекемесі берген. 

Әлеуметтік желіде сол пәтердің суреттері жарияланған: жарлары жарылып, едені шіріп кеткен, терезесін целлофанмен жауып қойған.

Атырау қаласы әкімдігінен анықтағанымыздай, бұл пәтер «Атырау қаласы, Владимирский көшесі, 99 мекенжайында орналасқан.  «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» бөліміне өтінішпен келген анаға үй кезегі әлі келмегендіктен уақытша тұру амалы ретінде ұсынылған. 

- Ол пәтерде қазіргі уақытта ешкім тұрып жатқан жоқ. Өтініш иесі, кезегі келмегендіктен және үй жалдауға қаражатының жетпейтінін айтып, уақытша тұратын орын іздеген. Ұсынылған мекенжайды өзі қарап шыққаннан кейін, өтініш иесі бұл пәтер бойынша өз шешімін қабылдайды, - деді әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Нұрбейбейбіт НҰҒЫМАНОВ

23 қараша, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.