Атырау, 23 желтоқсан 19:59
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Compass Group нарықтан кетуді жоспарлап отыр

1 045 просмотра

Ақпарат көздеріне сәйкес, Қазақстанның мұнай-газ саласындағы кейтеринг қызметтерінің (тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету қызметтері (FM) ірі жеткізушісі Compass Group («ESS» ЖШС) жақын арада Қазақстан нарығынан шығып, компанияны сатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Petrocouncil.kz. 

Compass Group өзінің қазақстандық еншілес кәсіпорны «ESS» ЖШС арқылы Теңіз жобасында тамақтандыру және FM қызметтерін ұсынып, 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді.   

«ESS» ЖШС ТШО-мен шамамен 1 миллиард долларға тамақтандыру қызметтері бойынша жеті жылдық келісім-шарт жасасқан.

Compass Group – жалпы жұмыс күші 562 мыңнан астам адамнан құралған әлемдегі ең ірі тамақтандыру және FM провайдері. 2023 жылы компанияның жалпы табысы 30 миллиард доллардан асты.

22 қараша, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.