Атырау, 23 желтоқсан 20:12
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Түркияда сәбилер саудасымен айналысқан дәрігерлердің соты өтіп жатыр

388 просмотра

Ыстамбұлда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты сот отырысының төртінші күні аяқталды, деп хабарлайды 24kz.

Қоғамды дүр сілкіндірген сот процесі қазір түрік қоғамындағы басты тақырып. Қаскөйлер пайда табу үшін жаңа туған шақалақтарды жеке меншік клиникаға жіберіп отырған. Ол жерде балалар өздеріне мүлде қажет емес, болашақта өлімге әкелуі мүмкін ем қабылдаған. 

Жалпы 47 адамға қатысты іс қозғалған. Оның 22-сі қамауда отыр. Айыпталушылардың ішінде дәрігерлер, медбикелер, медициналық мекеме қызметкерлері және бірқатар жеке аурухана өкілдері бар. 

Айыпталушылар кез келген заңсыз әрекетті теріске шығарып, өздерінің дұрыс шешім қабылдағанын алға тартады. Өткен айда белгілі болған іс қоғамда үлкен наразылық тудырып, денсаулық сақтау жүйесіне бақылауды күшейтуге себеп болды.

Осыдан кейін билік 19 аурухананың 9-ын жабу туралы шешім қабылдады. Елдің басты оппозициялық партиясы жағдайға байланысты денсаулық сақтау министрінің отставкаға кетуін талап етті. 

Кемал Мемишоғлу, Түркияның денсаулық сақтау министрі: 

- Кешірім сұраймын, бірақ... Қылмысты ашып, оны қадағалап, нәрестелеріміздің өлімінің алдын алған бір адамның қызмет кетуін талап етеді? Оларды ұстағанымыз үшін бе? Осыған назар аударылса деймін.

22 қараша, 13:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.