Атырау, 23 желтоқсан 21:51
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Қазмұнайгаз: "Сұйытылған газ тапшылығы тарату тәртібінен туындайды"

985 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

«Қазмұнайгаз» компаниясының басқарма төрағасы Асхат Хасенов Ақтаудағы жанармай стансаларында сұйытылған газдың тапшылығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZINFORM.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Ақтаудың жанармай стансаларында сұйытылған газға кезек қалыптасқаны туралы ақпарат тараған болатын.

«Қазмұнайгаз» басшысы мұндай кезек жанармай тарату тәртібінен туындағанын айтады.

«Энергетика министрлігінің кестесінде көрсетілген көлемнің бәрін бөліп отырмыз. Тіпті кестеден озып өндіріп жатырмыз. Өндірген газдың бәрін ішкі нарыққа бағыттап отырмыз. Ал қазіргі кезек мәселесі кезең сайын болып тұрады. Мәселе тарату тәртібінде. Өндіруші ретінде сұйытылған газдың бәрін ішкі нарыққа жеткізіп отырмыз», - деді Асхат Хасенов. 
22 қараша, 13:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.