Атырау, 23 желтоқсан 22:42
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Газа секторындағы соғысты тоқтату туралы БҰҰ қарары қабылданбады

176 просмотра

Фото: Reuters

АҚШ "ХАМАС қарулы ұйымы кепілдегі адамдарды түгел босатуы керек" деді. Ал қарарды қолдаушылар қарапайым палестиналықтар аштан бұратылып жатыр дегенді алға тартты, деп жазады Азаттық Радиосы.

Батыс террористік ұйым деп таныған ХАМАС тобы Израильге басып кіргенде 251 адамды кепілге алған. Бүгінге дейін олардың 120-дан астамын аман-есен босатып, 30-дан астамының мәйітін қайтарған.


БҰҰ қарары Палестина халқы азық-түлік тапшылығына қатты душар екені айтылып жатқан кезде қаралды. Қытай, Франция, Ұлыбритания өкілдері "қарапайым халық аштықтан бұратылмасын десек, соғыс аяқталуы керек" деген пікір айтты.

ХАМАС бақылауындағы Газа денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына қарағанда, соғыстан 43 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапқан. Соғыс былтыр қазанда ХАМАС қарулы ұйымы Израиль шекарасын басып кіріп, 1200 адамды өлтіргеннен кейін басталған.

22 қараша, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.