Атырау, 21 қараша 21:39
 ашықВ Атырау +3
$ 495.20
€ 522.34
₽ 4.94

Атырау облысында ​1000-ға жуық оқушыға жарық шағылыстырғыш киімдер таратылды

114 просмотра

Полицейлер үшін ең маңызды мәселелердің бірі - балалардың жол-көлік жарақаттарына жол бермеу және кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын-алу, қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері NCOC компаниясымен бірлесіп, қала шетінде орналасқан мектептердің оқушыларына профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Шара аясында жарық шағылыстырғыш бас киімдер және оқушылар сөмкесі мен сыртқы киімге арналған арнайы жабыстырғыштар таратылады. Жоспарға сәйкес аталған қауіпсіздік киімдері 8 мектептің оқушыларына таратылмақ.

Түнгі уақытта балалардың жарық шағылыстыратын бас киімді, арнайы жабыстырғыштар қолдануы автокөлік жүргізушілерінің назарын аударып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

- Алыстан көрінетін және жүргізушінің назарына бірден түсетін киімге арналған жарық шағылыстырғыш элементтер көлік жүргізушісі назарын аударып, балалардың жол-көлік жарақатының алдын-алудың бірі болып табылады. «Қауіпсіздік акциясы» аясында балалардың жол-көлік жарақатының алдын-алу, мектеп оқушыларының көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысы үшін арнайы іс-шара ұйымдастырылып, оқушыларға жол қауіпсіздік ережесі түсіндірілді,-деді Атырау облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының жол қауіпсіздігін қадағалау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Аманжол Жұмалиев.

Тәртіп сақшылары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жаяу жүргіншілердің, оның ішінде балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында тұрақты түрде жұмыстар жүргізуде.

Бүгін, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.