Атырау, 24 желтоқсан 00:06
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

​«ҚазАвтоЖол» Атырау облысындағы екі учаскеде жол жұмыстарын бақылау үшін цифрлық теңге енгізді

933 просмотра

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы бюджет қаражатын тиімді пайдалану және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында республикалық маңызы бар автожолдардың құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру аясында "Цифрлық теңге" платформасында пилоттық жобаны іске қосуда, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Жоба автомобиль жолдардың екі учаскесін қамтиды:
- Атырау облысында "Мұқыр-Құлсары" автожолының 31-42 шақырымындағы орташа жөндеу жұмыстары;

- Павлодар облысында "РФ шекарасы (Омбыға) - Майқапшағай" автожолының 383-390 шақырымындағы орташа жөндеу жұмыстары.
 
Пилоттық жоба аясында жол жөндеуге бөлінген қаражат цифрлық теңге платформасында таңбаланады. Бұл мердігерлерден бастап соңғы өнім берушілерге дейінгі барлық кезеңде қаржыны мақсатты пайдалануға кепілдік береді.

Таңбаланған теңгені тек көрсетілген мақсаттарға жұмсауға болады. Оны қолма-қол шешуге немесе басқа да бағытта жұмсауға болмайды.

21 қараша, 13:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.