Атырау, 24 желтоқсан 00:09
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

​Атырауда «Қыс-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде

858 просмотра

2024 жылдың 21-22 қараша аралығында Атырау облысында «2024 жылғы қыс кезеңіндегі төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын даярлау» тақырыбында «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтуде, деп хабарлады Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Оқу-жаттығудың мақсаты – қыс кезеңіндегі төтенше жағдайлар кезінде шұғыл әрекет ету жасағының, күштер мен құралдардың іс-әрекетінің дайындығын тексеру.

Атырау облысы ТЖД дағдарыс орталығында оқу-жаттығудың жедел штабы құрылды.

Департаментте «Дабыл-1001», "Қарғын-2002", «Үзіліс-3003» сигналы бойынша іс-шаралар пысықталуда.

Оқу-жаттығуға Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті, азаматтық қорғау облыстық қызметтерінің өкілдері, ауданның жергілікті атқарушы органдары, ауданның ТЖ жөніндегі комиссиясы, азаматтық қорғаудың қалалық қызметтері, облыстың эвакуациялық қабылдау комиссиясы, облыстың шұғыл әрекет етудің жиынтық жасағы қатысуда.

Сондай-ақ, Атырау облысы ТЖД аумағында Департамент жеке құрамының саптық байқауы өтті.

Бүгін Атырау қаласының "Салтанат сарайы" аумағында оқу-жаттығу жиынына облыс әкімі С. Шапкенов, облыс әкімінің орынбасары Қ. Нұртаев, Атырау облысы ТЖД бастығы полковник Н. Жаңабаев және Атырау облысы жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының басшысы Е. Қажкенов қатысып, жедел әрекет ету жасағының күштері мен құралдарының қысқы төтенше жағдайларға дайындығын тексерді.

Саптық байқауға барлығы 252 адам мен 131 техника қатысты.

Сонымен қатар, оқу-жаттығу шеңберінде «Баршаның назарына» дабыл жүйесі іске қосылып, құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізілді.

Оқу-жаттығудың практикалық бөлімі 22 қараша күні "Атырау облысы Су Арнасы " КМК аумағында және Атырау-Орал тас жолы бойында өткізіледі.

21 қараша, 13:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.