Атырау, 24 желтоқсан 00:27
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Жылу есептеу мәcелесі-3: кедергілер

781 просмотра

Көктемде заңнамаға өзгертулер енгізілген жеке жылу есептегіш құралдарының иелері  жылыту маусымы басталғанда есептегіш құралдарын пайдалана алмай қалды. 

«АЖ» екі жылдан астам уақыттан бері жеке жылу есептегіш құралдарына (ЖЖЕҚ) қатысты хикаяны қадағалап келеді. Пәтерлеріне осындай есептегіштер орнатқан Атырау тұрғындары заңнамадағы олқылыққа байланысты жылу ақысын құралдағы көрсеткіштер бойынша төлей алмады. Тұтынушылардың бұл санаты үшін тарифтік дифференциация болған жоқ. Ал бұл республикалық деңгейдегі мәселе. 

Осыған байланысты облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті ЖЖЕҚ иелерінен орташа тариф бойынша, яғни тұтынушылардың бірде-бір санатына алмай есептеуді талап етіп, жылу беру ұйымдарын сотқа берді.

Мұнымен қатар, астаналық Табиғи монополияларды реттеу комитеті (ТМРК) «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына» ЖЖЕҚ болған жағдайда жылу энергиясын тұтыну көлемін белгілеу тұрғысында түзетулер әзірлеуде. Бірақ, жаңа Қағидалар енгізілгеніне қарамастан, есептегіш иелері бәрібір назардан тыс қалды. Ал Атырау жылу электр орталығының 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымына арналған тарифтік жоспарында тұтынушылардың бұл санаты жоқ. 

ТМРК Атырау облысы бойынша департаменті монополист тарифтерді бекітуге өтінім беруді жоспарлап отырғанын түсіндірді. 

«Бекітілген кезде «АЖЭО» АҚ-ның реттелетін қызметтерінің тарифтері Қағидаға сәйкес есептеу құрылғылары бар және жоқ тұтынушылар үшін сараланады», - делінген ведомствоның «АЖ» сауалына берген жауабында. 

«АЖЭО» АҚ президенті Мақсот АЛЕНОВ қол қойған хатта Құрылыс және ТКШ  істері комитеті бекіткен әдістемеде көрсетілген бірқатар шарттар орындалған жағдайда ғана ЖЖЕҚ көрсеткіштерін есепке алуға болатыны түсіндіріледі. Атап айтқанда, бұл үйдің ортақ есептегіштерінен (ҮOЕ) және жеке есептегіштерден көрсеткіштерді қатар алу. 

Ол үшін «АЖЭО» АҚ-да орнатылған негізгі қабылдау құрылғысына қосылу арқылы тұтынушыны модемдермен жабдықтап, қашықтан есептегіш құралдардан көрсеткіштерді алу қажет. Ал бұл бүгінде қабылдағыш құрылғыны сатып алу, орнату және ай сайынғы күтіп ұстау шығындары «АЖЭО» АҚ-ның реттелетін қызмет тарифінде қарастырылмағандықтан, мүмкін емес. Тұтынушыларда модемдер де орнатылмаған. 

Іс жүзінде көпқабатты тұрғын үйлерде бір мезгілде көрсеткіштерді алу мүмкін емес және көп қабатты тұрғын үйлердегі жылу энергиясын барлық тұтынушылар үшін дұрыс, қатесіз және әділ есептеуге негізгі кедергі болады». 

Монополист сонымен қатар ЖЖЕҚ орнатылған немесе орнатуды жоспарлаған тұтынушылар есте сақтауы керек басқа да міндетті талаптарды еске салды. Атап айтқанда, есепке алу құралының түрі өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізіліп, тексеруден өткен болуы тиіс. Жеке есептегіштер жылу жүйесі торабы (пәтер бойынша) көлденең тартылған жағдайда пайдаланылады. Ал көп пәтерлі үйдің кіреберісінде орнатылған үйдің ортақ есептегіші болған жағдайда, оларды коммерциялық есепке алу мүмкін болады. ЖЖЕҚ орнатуды тиісті лицензиясы бар мамандар жүзеге асыруы керек. 

Бұл – Атырау жылу электр орталығынан келген жауап. 

Бұған дейін ЖЖЕҚ орнатқан жеке тұлғалар үшін коммуналдық төлемдерді төлеу шығындарын азайтуға болатыны, сонымен қатар, мұндай есептегіш болса, нақты тұтынылған жылу энергиясы көрсеткіштерін алуға мүмкіндік беретіні әлденеше рет атап өтілді. Алайда, әзірге «ақылды» есептегіштер коммуналдық интерьердің пайдасыз бөлігі боп қалып отыр. 

Тағы бір жайт. Қазіргі уақытта AЖЭО деректер базасында ЖЖЕҚ бар 218 абонент тіркелген. Оның ішінде 138-інде есептегіш құрылғыны тексеру аралығының мерзімі өтіп кеткен. Осы жарияланым дайындалып жатқанда, облыстық ТМРКД жылу қызметінен өтінім түсіп, қазір қаралып жатқанын хабарлады. 

Астаналық ТМРК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында табиғи монополиялар субъектілеріне жаңа қағидат бойынша тұтынушылар тобына саралау қолданылатын тарифтер бекітілген. Қағидалардың ережелері ҚР бүкіл аумағында қолданылады және оны азаматтар мен заңды тұлғалар міндетті түрде орындауы тиіс.

Лев ГУЗИКОВ

21 қараша, 13:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.