Атырау, 24 желтоқсан 00:18
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Ескерту жасап, айыппұл салады

930 просмотра
Сурет: kolesa.kz 

Атырау облысы жол бойындағы бейнекамералар саны бойынша республикада төртінші орында тұр. Полиция департаментінің мәліметінше, облыста 1510 камера бар.

Сондай-ақ, облыс тас жолдарына Kia Sportage, Kia Rio, Hyundai Accent және Chevrolet Cobalt маркалы алты жасырын патрульдік көліктер енгізілген.

Құпия бақылау қаншалықты қажет және бұл полиция қызметінің – бұзушылықтар үшін айыппұл салу емес, ереже бұзудың алдын алу керек деген негізгі қағидатын бұзбай ма деген «АЖ» сауалына былай деп жауап берді:

«Полиция қызметінің басты қағидасы – заң шеңберінде жүзеге асырылатын құқық бұзушылықтың алдын алу», - деді полиция департаменті бастығының орынбасары Қ.САДЫҚОВ.

Ал, осы жылдың 9 айында Атырау облысында жол ережесін бұзған 912 жүргізуші куәлігінен айырылған.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

21 қараша, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.