Атырау, 24 желтоқсан 04:47
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Елшілік қазақстандықтарға Украинадан кетуге кеңес берді

450 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Қазақстан елшілігі қазақстандықтарға Украинадан кетуге кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Украинадағы соғысқа байланысты елшілік ескерту жасады. 

"Украинада артиллериялық атқылау мен әуе шабуылдарының жиілігінің артуына байланысты қауіпсіздік мақсатында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Қазақстан азаматтарына белсенді ұрыс қимылдары жүргізіліп жатқан жерлерден немесе Украинадан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады", – деп хабарлады елшілік. 

Елшілік барлық азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуді елеп, өздерінің қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми органдардың ұсыныстарын орындауға шақырады.

Украинадан Қазақстанға бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтары Польша немесе Молдова арқылы ұша алады, одан әрі коммерциялық әуе қатынасын қолданады.

Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы керек. Ал Молдоваға кіру үшін виза қажет емес.

20 қараша, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.