2024 жылғы 20 қараша күні сағат 14:34-те «Арал Теңіз–Қазалы» учаскесінде №42 «Атырау-Алматы» жолаушылар пойызы техникалық вагондағы ақауға байланысты шұғыл тоқтады, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта мамандар вагонның жағдайын тексеру жұмыстарын жүргізуде. Пойыздарға қызмет көрсету «Patentes Talgo» компаниясына тиесілі. Жолаушылар тамақ және ауыз сумен толық қамтамасыз етілуде.
Қазіргі уақытта пойыздың келесі станцияға дейінгі қозғалысы ұйымдастырылған.