Атырау, 21 қараша 17:21
 ашықВ Атырау +3
$ 495.20
€ 522.34
₽ 4.94

Түркияда лай көшкіні жүрді

249 просмотра
Фото: Anadolu ajansı

Түркияның Ризе провинциясында лай көшкін жүріп, бір адам көз жұмды. Бұл туралы Kazinform-ның меншікті тілшісі хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, табиғи апатынан бір адам көз жұмып, тағы 4 адам әртүрлі жарақат алды.

Лай көшкіні қатты нөсер жаңбыр салдарынан болған. Оқиға орнына жедел жеткен жергілікті билік пен құтқару қызметі зардап шеккендерге көмек көрсетіп, шығын көлемін бағалап жатыр. Чайели мэрі Исмаил Хаккы Чифтчи тұрғындарды әсіресе көшкін қаупі бар аймақтарда сақ болуға шақырды.

«Жаңбырлы маусым бізден қырағылықты талап етеді. Біз мұндай оқиғалардың салдарын барынша азайту үшін қажетті шараларды қабылдап жатырмыз», - деді ол.

Қазір аумақты тазарту және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Кеше, 12:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.