Атырау, 24 желтоқсан 05:31
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

​Атырауда қорқор тұтынған 37 адам жазасын алды

787 просмотра

Рейд барысында қала аумағындағы демалыс және ойын-сауық орындары тексерілді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері облыс орталығындағы көңіл көтеретін орындарда қорқор тұтынудың 37 дерегін анықтап, құқық бұзушылыққа жол берген кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларды жауапкершілікке тартты.

Осындай құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейд әлі де жүріп жатыр. Осы ретте, полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда темекі өнімдерін (кальян) тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделіп, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынын ескертеді. Құқық қорғау органдары азаматтарды белгіленген ережелерді сақтап, кемшіліктер болса, хабарлап отыруды сұрайды. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

19 қараша, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.