Атырау, 24 желтоқсан 05:53
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Құлсарыда вейп сатқан дүкен анықталды

671 просмотра

Жылыой ауданында полиция қызметкерлері  31 жастағы кәсіпкердің өз дүкенінде заңсыз темекі өнімдерін саудалағанын анықтады. 

Тексеріс барысында 123 дана вейп өнімдері және 5 дана насыбай өнімі табылып, тәркіленді. Күдікті кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, 2024 жылдың 19 сәуірінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды. Бұл заң 20 маусымда күшіне енген және Қазақстанда вейптерді сатуға тыйым салатын нормаларды қамтиды. Заңсыз вейп өнімдерін сатқандарға 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген.

19 қараша, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.