Атырау, 24 желтоқсан 06:04
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Түркия басшысы тағы да Газа секторындағы​ соғысты тоқтатуға шақырды

355 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Бразилияда G20 көшбасшыларының саммитінде сөз сөйлеп, Газа секторындағы ауыр жағдайға тоқталды, деп хабарлайды Informburo.

Оның сөзінше, Таяу Шығыс, Африка және Азиядағы, оның ішінде әсіресе, Газадағы әскери қақтығыстар бейбіт тұрғындардың өмірін тозаққа айналдырып тұр және бұл өңірлердің тұрғындары онымен жалғыз күресуге тиіс емес. 

"Газадағы аштық халықаралық санат жүйесі бойынша катастрофалық деңгейге жетті. Газа тұрғындарының 96 пайызы немесе 2 миллион адам тамақ пен суға қол жеткізе алмай отыр. Әскери шабуылдардың күшеюі мен қыстың келуіне байланысты Газа тұрғындарының жағдайы күннен-күнге нашарлап барады", – деді ол. 

Режеп Тайып Ердоған бұл орайда соғысты дереу және мүлде тоқтатуға шақырды. 

Сондай-ақ, Түркия басшысы аштық мәселесі тек соғыс болып жатқан өңірлерде ғана емес, бүкіл әлемде де өзекті болып отырғанына тоқталды. Оның сөзінше, әлемде әрбір оныншы адам аштықпен күресіп келеді және бұл БҰҰ Бас Ассамблеясының 9 жыл бұрын қабылдаған "2030 тұрақты даму мақсаттары" әліге дейін нақты ешқандай нәтиже бермей отырғанын көрсетеді. 

19 қараша, 13:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.