КХДР басшысы Корей халық армиясының қолбасшылары мен саяси жетекшілерінің кездесуінде соғысқа дайын болу керек екенін айтты. Бұл туралы KAZINFORM агенттігі KCNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Ким Чен Ынның айтуынша, АҚШ пен Оңтүстік Кореяның әрекеті Корея түбегінде тарихтағы ең шиеленісті жағдайды тудырған.
Солтүстік Корея басшысы аймақтың «әлемдегі ең ыстық нүктеге» айналғанын тілге тиек етті. Ол сондай-ақ соғысқа дайындалу жөнінде де айтты.
Еске сала кетейік, бұған дейін 18 қараша күні таңертең Солтүстік Корея үш апталық үзілістен кейін Оңтүстік Кореяға 40-қа жуық қоқыс шарын ұшырғанын хабарлаған едік.