Атырау, 24 желтоқсан 07:14
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Атырау облысында 500-ге жуық «шалабай» дүниеге келген

560 просмотра

Бұл туралы дүниежүзілік мерзімінен бұрын туған сәбилер күніне орай  өткен конференцияда айтылды.

Былтыр 11 326 сәбидің 502-сі мерзімінен бұрын дүниеге келсе, биыл  10 522 баланың  482-сі шала туылған. 

Конференцияда бас қосқан өңірдің неонатолог-дәрігерлері шалабайлардың күтімін талқылап, тәжірибиесімен бөлісті. Айтпақшы, соңғы бес жылмен салыстырғанда өңірде нәрестенің шала туу көрсеткіші төмендегені айтылды.

- Жалпы облыста 25 неонатолог бар. Қазір облыстық перинаталдық орталықтың жансақтау бөлімінде 10-ға жуық нәресте жатыр. Олардың арасында ең аз салмақта, яғни 690 грамм боп туылған шақалақ бар, - деді облыстық перинаталдық орталықтың «нәрестелер» жансақтау бөлімінің неонатолог дәрігері Аслан МҰҚАНОВ.

Мамандардың айтуынша, елімізде мезгілінен бұрын 500 гр салмақта дүниеге келген сәбилер шала туылған болып есептеледі.

Облыстық перинаталдық орталық  тарихында  дәрігерлер 450  граммдық сәбиге өмір сыйлағанын еске сала кетейік . Қазір оның жасы 13-ке келді.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

19 қараша, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.