Жаңа декорация әуежайдан қала орталығына баратын жолдың бойында орнатылған.
Атырау қаласы әкімдігінің мәліметінше, қазіргі уақытта халықаралық әуежайдан бастап Әбілқайыр даңғылы арқылы Сәтпаев көшесіне дейінгі аралықта жолдың екі бетіндегі бағандар түнде жанып тұратын түрлі түсті жарықтармен безендірілуде.
- Қазіргі уақытта даңғылдың бір жақ бөлігі әрленді. Жалпы жоспар бойынша жолдың қос тарапы осындай декоративті жарық шамдарымен жабдықталады. Әрлендіру жұмыстары әзірге осы бас даңғылға жасалады, - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ