Атырау облысының полицейлері заңбұзушылықтарды алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мал базарларында ауқымды тексеруді бастады.
Рейд барысында жануарларға арналған құжаттар, санитариялық нормалардың сақталуы, сауда ережелері мен малды ұстау шарттары тексеріліп жатыр.
Полиция департаментінің мәліметінше, бұл рейд мал ұрлығы фактілерінің алдыналуға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің заңсыз айналымын жоюға бағытталған.
- Жыл басынан бері полицейлер мал мен ет өнімдерін тасымалдау және өткізу қағидаларын бұзғаны үшін 89 тұлғаны, мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін 418 мал иесін жауапқа тарттты, - деп хабарлады полиция департаменті.
Еске салсақ, бұған дейін Атырауда жыл басынан бері мал ұрлығына қатысты 27 қылмыс ашылып, мал ұрлығымен айналысқан 1 қылмыстық топ ұсталғанын сондай-ақ, жоғалған 70 бас үй жануары иелеріне қайтарылғанын жазған едік.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ