Атырау, 24 желтоқсан 07:07
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

​Түркия Израильдің түрік әуе кеңістігін пайдалану өтінішін қабылдамады​

345 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Израиль билігі Бакуде өтіп жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Климаттың өзгеруі жөніндегі тараптардың 29-шы конференциясына (COP29) қатысуды жоспарлаған Израиль президенті Ицхак Герцогтың ұшағы үшін түрік әуе кеңістігін пайдаланғысы келді, деп жазады KAZINFORM басылымы TRT арнасына сілтеме жасап.

Түркия Израиль Президенті ұшағының түрік әуе кеңістігін пайдалану туралы өтінішін қабылдамады, ал Израиль баспасөзінде Ицхак Герцогтың «қауіпсіздік мәселелеріне» байланысты Әзербайжан сапарынан бас тартқаны турал хабарламалар тарады. 

COP29 11-22 қараша аралығында Бакуде өтеді. Форумның басты тақырыбы — 2025 жылдан бастап климаттың өзгеруіне қарсы күрес шараларын қаржыландыру. Сонымен қатар, конференцияға қатысушылар атмосфераға парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша алдағы жұмыстарды талқылайды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев COP29 жаһандық климат саммитіне қатысты.

Бұған дейін Түркияның Израильмен сауда-экономикалық қарым-қатынастарын тоқтату шараларының екінші кезеңін жүзеге асыруға кіріскенін жазған болатынбыз. Осы жағдайға байланысты тауарлардың барлық топтары бойынша экспорттық-импорттық операциялар тоқтатылды.

Кейін Түркияның Сауда министрлігі Израиль тарапының кейбір мәлімдемелеріне қарамастан, Израильмен сауда-экономикалық қарым-қатынастар толығымен жабылғанын хабарлады.

Түркияның Сыртқы істер министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымына хат жолдағанын мәлімдеді. Оған қол қойған 52 мемлекет арасында Қазақстан да бар. Сонымен қатар халықаралық ұйымдар — Араб мемлекеттері Лигасы және Ислам Ынтымақтастығы ұйымы бар. Құжат басып алынған Палестина территорияларында, әсіресе Газа секторында халықаралық құқық нормаларын бұзудың алдын алу үшін Израильге қарсы қару-жарақ эмбаргосын енгізуге шақырады.

18 қараша, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.