Атырау қаласында демеушілердің көмегімен канадалық және көк шыршалар отырғызылуда.
Қылқан жапырақты ағаштар Орал қаласындағы бақта өсірілген.
- Шамамен ұзындығы 2 метр болатын шыршалар түп-тамырымен жеткізілді. Қаланың сәнін келтіретін канадалық және "Глаука" көк шыршасы бес метрге дейін өседі. Қазір олар Қаныш Сәтпаев даңғылының бойына, ретросаябақ пен теміржол вокзалының аумағына отырғызылды. Бұл жұмыс қала аумағын абаттандыруға бағытталған, - деді қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Ғасырбек ТӨЛЕГЕН.
Бұдан бөлек, алдағы уақытта шаһар аумағына жергілікті бақтар мен Ресейдің Тольятти қаласынан 300-ге жуық ақ қайың әкеліп, егу жоспарланып отыр.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ