Атырау, 24 желтоқсан 19:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Мектептегі наразылық: мәселе шешілді, бірақ сауалдар қалды

1 540 просмотра

Атыраудағы №8 мектептің ұстаздар қауымы оқу орны басшысының қызметінен кетуіне қол жеткізді.

Еске салайық, қазан айының басында қырықтан астам ұстаз қалалық білім бөлімі мен басқа да құзырлы органдарға жуырда тағайындалған мектеп директоры Әлия ИБРАЕВАНЫҢ үстінен үнемі дөрекілік көрсетіп, қорлайтыны, балағаттайтыны, еңбек заңнамасы мен «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы талаптарын бұзатыны үшін арызбен жүгінген болатын. Ұстаздарды бұл жайтқа бей-жай қарамайтын бір топ белсенді ата-ана да жазбаша арыз арқылы қолдады.

Әлденеше рет ұжымды (ҚР Президентінің бастамасымен ««Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» республикалық бағдарламасы аясында тағайындалған) директормен татуластыру (соның ішінде мазақ еткендей реттеу) әрекеттерінен кейін, дау шешілді. 13 қарашада Ибраеваның өз өтініші бойынша «денсаулығына байланысты» жұмыстан босатылды.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА педагогикалық әдеп нормаларын сақтамағаны үшін сөгіс түріндегі тәртіптік жаза беріліп, жұмыстан босатылды деп жазбаша растағанымен, редакцияның ресми сауалында қойылған бірқатар сұраққа жауап бергісі келмеді. Оның ішінде: «мектеп мұғалімдерінің жалақысы неге кешіктірілді, зейнетақы қорына және медициналық сақтандыруға міндетті жарналар неге аударылмады, сондай-ақ наразылық білдірген мұғалімдердің өз құқықтарын қорғағаны үшін қудаланбайтынына, қысым көрсетілмейтініне қандай кепілдік бар?» деген сұрақтар болды. «Білім туралы» Заңның нормаларына сілтеме жасаған А.Дүйсекенованың пікірінше, бұл сұрақтарға мектеп әкімшілігі жауап беруі тиіс.

Әдептен басқа құқық бұзушылықтарға келсек, директор жұмыстан босатылғаннан кейін ұстаздар арыздарын қайтарып алғандықтан, олардың дәйектері тексерілмейді. 

Лев ГУЗИКОВ

18 қараша, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.