Атырау, 25 желтоқсан 07:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Алдағы уақытта Атырау жолдарында полимер асфальтбетон қолданылады

234 просмотра

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау филиалы мамандары жыл басынан бері 760 рет тексеріске шығып, жергілікті маңызға ие жолдардан 126 ақау анықтаған. 

Филиалдың зертхана меңгерушісі Дәурен Кенжешевтің айтуынша, Атырау қаласындағы Жастар, Құлманов көшелерінен анықталған ақау нәтижесінде 1050 шаршы метр жол мердігер есебінен қайта салынған. 

Жалпы, мамандардың айтуынша, жол құрылысы кезінде көбіне жол негізі, асфальтбетон қалыңдығының сәйкес келмеуі жиі анықталады. Сонымен қатар, жол құрылысына пайдаланылатын материалдар да тексеріледі. Жергілікті жолдардан алынған 1587 материалдың 642-сі ҚР Стандарттарына сәйкес келмеген.

Аталған ақаулар мен кемшіліктерді уақытылы жою бойынша тапсырыс берушілерге және мердігер мекемелерге ұсыныс хат жолданған. 

Д. Кенжешевтің айтуынша, қазір қала ішіндегі жолдарға қиыршық тасты-мастикалық асфальтбетон қабаты төселіп жатыр. Бұл бұрынғы қолданыстағы асфальтбетонға қарағанда әлдеқайда сапалы екен.

Ал, болашақта жол сапасын одан әрі арттыру мақсатында жаңа технология енгізілмек.

«Алдағы уақытта Атырау жолдарына полимер асфальтбетон пайдалану жоспарда бар. Полимер бетонның артықшылығы – жолдардың сапасы арта түседі, яғни пайдалану мерзімі ұзарады. Жолдың беткі қабатын біраз уақытқа дейін жарықтар, ойықтар түспейді», - дейді Д.Кенжешев. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Кеше, 17:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.