Атырау, 25 желтоқсан 06:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Доллар ақырындап арзандап келеді: құны 7 теңгеге арзандады

166 просмотра

Қазақстанда жуырда ғана күрт көтерілген доллар бағасы ақырындап арзандап келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстандық қор биржасында (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 515,89 теңгені құрап, 7,47 теңгеге арзандады.

ҚР Ұлттық Банкі долларының 24 желтоқсандағы ресми бағамы 523,72 теңгені құрайды.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 515,35 теңгеге, сату құны 524,99 теңгеге тең. Астананың айырбастау пунктерінде доллар орташа есеппен 517,79 теңгеден сатып алынады, сол сияқты 523,39 теңгеден сатылады.

Айта кетейік, жуырда доллар күрт қымбаттап, 536 теңгеге бір-ақ шыққан.

Кеше, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.