
Қазақстанда 65 жастан асқан жұмысшылардың орташа айлық жалақысы қызмет саласына, өңірге және компанияның меншік нысанына қарай айтарлықтай ерекшеленеді. Зейнет жасындағы азаматтарға ең жоғары жалақыны шетелдік компаниялар төлейді, деп хабарлайды nur.kz.
Ведомство статистикасына сәйкес, жалақы мөлшері төмендегідей бөлінген:
Мемлекеттік секторда: 313 274 теңге (ҚР бойынша орташа көрсеткіш);
Отандық жеке компанияларда: 364 105 теңге;
Шетелдік компанияларда: 477 281 теңге.
Осылайша, шетелдік ұйымдардағы жалақы мемлекеттік кәсіпорындардағы көрсеткіштен орта есеппен 52 пайызға жоғары.
Қай өңірде қанша төлейді: көшбасшылар мен ерекшеліктер
Елдің 20 өңірінің 17-сінде зейнеткерлерге ең жоғары жалақыны шетелдік компаниялар төлейді. Абсолютті көшбасшы — Ұлытау облысы. Мұнда шетелдік ұйымдарда жұмыс істейтін 65 жастан асқан азаматтардың орташа айлық жалақысы 977 890 теңгені құрайды. Ал қазақстандық жеке компанияларда бұл көрсеткіш — 606 179 теңге, мемлекеттік секторда — 220 228 теңге.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында (шетелдік компанияларда — 736 487 теңге) және Астанада (566 592 теңге) жалақы деңгейі жоғары.
Алайда бұл көрсеткіштерден ерекшеленетін өңірлер де бар:
Алматы облысында ең жоғары жалақы мемлекеттік мекемелерде төленеді — 311 440 теңге. Ал шетелдік компаниялардағы орташа жалақы 254 916 теңгені құрайды.
Шымкентте отандық жеке сектор көш бастап тұр. Мұнда орташа жалақы — 324 145 теңге. Ал шетелдік компанияларда жұмыс істейтін зейнеткерлердің орташа жалақысы 100 000 теңге деңгейінде тіркелген.
Ең жоғары және ең төмен жалақы төленетін салалар
Егде жастағы мамандар үшін ең жоғары жалақы төленетін сала — қаржы және сақтандыру қызметі. Бұл салада шетелдік компанияларда жұмыс істейтін зейнеткерлер орта есеппен 1 489 129 теңге, отандық жеке компанияларда — 958 879 теңге, ал мемлекеттік секторда — 563 000 теңге табады.
Ал зейнеткерлердің еңбегі мемлекеттік басқару және қорғаныс саласында (мемлекеттік секторда — 184 070 теңге), сондай-ақ әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында (229–248 мың теңге) төмен бағаланады.
Қазақстанда зейнеталды жастағы азаматтарды жұмыспен қамтуға «Күміс жас» мемлекеттік бағдарламасы көмектеседі. Бағдарлама аясында жұмыс берушілерге қызметкерлердің жалақысын төлеуге жұмсалатын шығындардың бір бөлігі субсидияланады.
В Атырау +17