Атырау, 25 желтоқсан 07:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

ҚФФ Қазақстан құрамасының бас бапкерінің қызметінен кетуі туралы қауесетті жоққа шығарды​

193 просмотра
Фото: championat.com. 

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтың қызметінен кетуі туралы кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды, деп мәлімдеді Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.

"Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтың қызметінен кетуі туралы кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды.

Қазіргі таңда Станислав Черчесов Ұлттық құраманың бас бапкері қызметін жалғастырып, Қазақстан футбол федерациясымен келісімшарт бойынша жұмыс істейді.

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі тек ресми ақпарат көзіне, федерацияның ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырады" делінген мәлімдемеде.
Кеше, 17:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.