Атырау, 25 желтоқсан 20:09
 ашықВ Атырау -10
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Еуропа мен АҚШ қазақстандық мұнайды сатып алу көлемін арттырды

1 054 рет қаралды

Еуропа мен АҚШ биыл қазақстандық мұнайды көбірек сатып ала бастады, ал Азия басқа жеткізушілерге жиі таңдау жасайды, деп хабарлайды "Нефть и газ Казахстана" телеграм-арнасы.

Осы жылдың 8 айында Қазақстаннан 47,7 миллион тоннадан астам мұнай экспортталды. Физикалық мәнде экспорт көлемі өткен жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда (+0,3%) өзгеріссіз қалды деуге болады, ал ақшалай есептегенде ол 6,2%-ға өсіп, 29,6 млрд долларды құрады.

6 ірі импорттаушы ел қазақстандық мұнайды сатып алуды қысқартты. Оңтүстік Кореяға жеткізілім 3,3 есеге, Сингапурға 1,8 есеге, Қытайға 1,5 есеге, Түркияға 1,5 есеге қысқарды. Сондай-ақ Румынияға мұнай 25,2%-ға, Испанияға 14,7%-ға аз мұнай жөнелтілді.

Сатып алу бойынша Италия көшбасшы болып қала береді. Алайда, Италия порттарынан мұнайдың бір бөлігі мұнай құбырлары арқылы Еуропаның басқа елдеріне жіберілетінін ескеру қажет.

11 қараша 2024, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.