Атырау, 25 желтоқсан 17:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

​Атыраудың 92 мың гектар жері мемлекет меншігіне қайтарылды

721 просмотра
Көрнекі сурет

Биыл Атырау облысы бойынша игерілмеген жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспары толық орындалды,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Ермекқалидің айтуынша, жоспар мерзімнен бұрын орындалып 92 мың гектарды құрайтын 77 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

-Биыл Жер Кодексіне енген өзгертулер бойынша, енді жер телімінің 50 пайызы пайдаланылмаған жағдайда мемлекет меншігіне қайтарылады. Пайдаланылмаған, мерзімі өткен бос жер ғарыштық мониторинг арқылы анықталды. Қазір мониторингтік топ мерзімі өткен бос жерлерді өз еркімен қайтару бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде,-деді Ә.Ермекқали

Оның айтуынша, биыл облыста 94 жер учаскесі конкурс арқылы қайтадан жер пайдаланушыларға берілген.

Анықтама үшін: 2022-2023 жылдары 400 мың гектардан аса жер мемлекет меншігіне қайтарылған.

11 қараша, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.