Атырау, 25 желтоқсан 22:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

​WaPo​: Трамп Путинмен сөйлесіп, соғысты аяқтауды ұсынды

397 просмотра

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп бейсенбі күні Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы соғысты талқылаған. Бұл туралы Washington Post басылымы ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Басылым мәліметінше, Трамп Путинді Украинадағы шиеленістен аулақ болуға шақырды. 

Сондай-ақ басылым дереккөзі Путин мен Трамптың Еуропа құрлығында бейбітшілікке қол жеткізу қажеттілігі туралы сөйлескенін, ал Трамп "жанжалды ертерек шешуді" талқылау үшін сұқбатқа қызығушылық танытқанын айтады.

Бұл әңгімеге қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ және BBC бұл хабарларды әзірге растаған жоқ. Түсініктеме беру сұрауына жауап ретінде Трамптың коммуникациялар жөніндегі директоры Стивен Чунг: "Біз президент Трамп пен басқа әлем көшбасшылары арасындағы жеке қоңырауларға түсініктеме бермейміз" деді. 

Дегенмен ол көшбасшылардың сайланған президентпен байланыс орнату процесі бастағанын атап өтті. 

Бейсенбіде жарияланған NBC News-ке берген сұхбатында Трамп Путинмен әлі сөйлеспегенін, бірақ жоспарда барын айтқан болатын. Сол күні Путин "Валдай" пікірсайыс клубының отырысында сөйлеген сөзінде Трампты сайлаудағы жеңісімен құттықтап, оның да диалогқа дайын екенін ашық айтты. 

Washington Post газеті Киев Трамптың Путинмен сөйлескенінен хабардар болғанын және оған қарсылық білдірмегенін айтады, бірақ Украина сыртқы істер министрлігі мұны жоққа шығарды. 

11 қараша, 09:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.