Атырау, 11 желтоқсан 23:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Атырау облысының тұрақтандыру қорына 6 мың тоннаға жуық өнім жиналды

894 просмотра
Көрнекі сурет

Бүгінде барлық аудан егін жинау науқанын 100 % аяқтады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, биыл 10 825 гектар жерге егін егу жоспарланған. Алайда тасқын салдарынан егін алқабының 5 564,3 гектары су астында қалып , егістік көлемі 5 260,7 гектарға қысқарған.

- Биыл өңірдегі төтенше жағдайға қарамастан егіншілер тәуекелге бел буып, ауқымды жұмыс атқарды. Нәтижесінде егіс алқабынан 600,1 га картоп, 1 542,1 га көкөніс, 937,3 га бақша өнімі мен 2 181,2 га мал азығы алынды. Тұрақтандыру қорына 5690 тонна өнім жиналды, - деді басқарманың бөлім басшысы Азат Қапанов.

Егін жинау науқанына 600 адам мен 450 ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылған.

8 қараша, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.