Атырау, 26 желтоқсан 06:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Сиыр ұрлығы үшін мүлкі тәркіленеді

1 103 просмотра

Атырауда жыл басынан бері ұрланған 70 бас үй жануарлары иелеріне қайтарылды.

Атырау облыстық полиция департаментінің дерегінше, Атырауда жыл басынан бері мал ұрлығына қатысты 27 қылмыс ашылып, жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде мал ұрлығымен айналысқан 7 адамнан құралған 1 қылмыстық топ ұсталған. 

Сондай-ақ, жоғалған 70 бас үй жануары  иелеріне қайтарылды. 

"Мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру – мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады", - деп хабарлады ПД.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

8 қараша, 14:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.