Атырау, 12 желтоқсан 01:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

​Жыл басынан бері 7147 атыраулық тегін құқықтық көмек алды

952 просмотра

Оның ішінде 5298 адам құқықтық кеңес алса, қалғаны соттарда, тергеу органдарында жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін алған. Бұл туралы Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Гүланда Қыстаубаева баспасөз брифингінде мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Құқықтық консультация түріндегі заң көмегінде негізінен алимент өндіру, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау, оңалту, босқын немесе қандас мәртебесін алу сияқты бағыттар қамтылған.

- Бұл қызметтер әлеуметтік осал топтарға көмек көрсету және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Сәйкесінше бұл оларға заң аясында өз мәселелерін шешуге мүмкіндік береді, - деді Г.Қыстаубаева.

Оның айтуынша, тегін заң көмегі арқылы азаматтар заң аясында өз құқықтарын қалай қорғауға болатынын үйреніп, көп мәселені сотқа жеткізбей-ақ шешуге мүмкіндік алды.

7 қараша, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.