Атырау, 12 желтоқсан 00:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

Дағыстанға украиналық дрон алғаш рет шабуыл жасады

408 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

6 қарашада таңертең украин дрондары алғаш рет Дағыстанның аумағына шабуыл жасады, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Ресейлік әуе қорғаныс жүйесі оны Каспий төбесінде атып түсірді деп мәлімдеді республика жетекшісі Сергей Меликов.

Дағыстанның денсаулық сақтау министрлігі Каспийскінің 16 жастағы тұрғыны зардап шеккенін хабарлады. Ол атып түсірілген дронның бөлшегінен жарақаттанған.

Astra басылымы қала төбесінде ұшып жүрген дрондарды түсірген куәгерлердің видеосын жариялады.

Дрон шабуылына байланысты Махачқала әуежайының жұмысы біраз уақыт кідірген. Baza-ның жазуынша, Махачқала әуежайында үш ұшақ кешігіп әуеге көтерілген.

Каспийскіде Ресей флотилиясының әскери-теңіз базасы шоғырланған. Қала Махачқаладан шамамен 20 шақырым жерде Каспий жағалауында орналасқан.

Каспийск пен Украина бақылауындағы аймақ арасы - шамамен мың шақырымнан астам жер. Дағыстанға Украина әскері А-22 "Ұшатын түлкі" атты дронмен шабуылдаған болуы мүмкін деп жазды Shot және Mash арналары. Мамырда осындай аппарат Татарстан төбесінде атып түсірілген.

"Украинская правда" басылымы Украина барлау басқармасындағы дереккөзге сүйене отырып, дрон шабуылының салдарынан Ресейдің Каспий флотилиясына қарайтын кемінде екі кемесі (ракета таситын "Татарстан" және "Дағыстан") бүлінген болуы мүмкін екенін жазды.

Каспий флотилиясына қарайтын кемелер Украина аумағына ракетамен соққы жасап жүр. Ал Каспийскіде шоғырланған 177-ші теңіз жаяу әскері полкі Херсон және Запорожье облыстарындағы шайқастарға қатысқан.

6 қарашаға қараған түні Ресей қорғаныс министрлігі үш украиналық дрон атып түсірілгенін хабарлаған. Онда Дағыстан жөнінде ештеңе айтылмаған.

7 қараша, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.