Атырау, 22 қараша 03:03
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

«ҚазМұнайГаз» ірі жобалар департаментінің жаңа директорын тағайындады

1 012 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

ҚМГ (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ) ірі жобалар департаментінің директоры болып Жандос Жылқайдаров тағайындалды, деп хабарлады Petrocouncil.

Жандос Талса университетін (АҚШ) мұнай және газ инженері мамандығы бойынша бітірген. «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты.

MBA дәрежесі бар. Қазіргі уақытта Норвежской Бизнес Мектебінде – BI (Норвегия) және Француз Инжиниринг мектебінде – IFP (Франция)  «Executive Masters of Management in Energy» магистрлік бағдарламасынан өтуде.

Осы жылдар ішінде ол Agip NCOC және Sakhalin Energy компанияларында СТГ өндіретін газ өңдеу зауытында жұмыс істеді, сонымен қатар Оман мен Ресейдегі Shell өндірістік бөлімшелерінде тағылымдамадан өтті.

Соңғы жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында түрлі лауазымдарда жұмыс істеп, «GPC Investment» ЖШС директоры (Атырау облысындағы газ өңдеу зауытының операторы) болды.

Соңғы жұмыс орны – «QazaqGaz» ҰК АҚ Шикі газды өңдеу департаментінің директоры.

7 қараша, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.