Бүгін, 17 шілдеде Ұзақбай ҚАРАБАЛИН ҚР Мұнай және газ министрі ретінде туған облысына алғашқы жұмыс сапарымен келді.
Келген күні ол Қашағандағы D аралына барып, КРІ құрылыс алаңына (біріктірілген газ-химия кешеніне) аяқ басты. Ал Атырау мұнай өңдеу зауытында «Хош иісті көмірсутектер өндіретін кешен құрылысы» мен «Мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы» жобаларының жүзеге асу барысымен танысты.
Ертең министр «Теңізшевройл» ЖШС басшылығымен кездесіп, «ЕмбіМұнайГаз» АҚ-ның өндірістік қызметі туралы есебін тыңдайды.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА