Атырау, 26 желтоқсан 17:40
 ашықВ Атырау -4
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Атырауда босануға дайындық мектебі ашылды

933 просмотра

Атырау облыстық перинаталдық орталықтың білікті акушерлері алғашқы лекке жазылған жас аналарға дәрісін бастады.

Атырау облыстық перинаталдық орталықтың баспасөз қызметі хабарлағандай, сабақтар перзентханаға түскен кезде қандай заттар керектігін, 103-ті қай кезде, қандай жағдайда шақыру қажеттігін, босанар алдындағы алғашқы белгілер мен босану кезеңдері, тыныс алу тәсілдері мен босанудағы серіктестің рөлі туралы қамтиды. Болашақ аналарға босанғаннан кейінгі кезеңде өзін және сәбиін қалай дұрыс күту керектігін үйретеді. Мұндай сабақ үш күн қатарынан өтеді.

 - Алғашқы лекке 34 аптадан асқан жүкті әйелдер қатысты. Сабақ жас аналарға арналғанымен,  екінші және үшінші рет жүкті болып отырған аналар да сабаққа жазылған. Облыс бойынша алғаш рет ұйымдастырылып отырған сабақта жоғары санатты дәрігерлер босанудың техникаларын үйретуде, - дейді облыстық перинаталдық орталықтың баспасөз хатшысы Нұргүл ИСМАГУЛОВА.

Сұранысқа байланысты екінші лекті бастау 8 қарашаға жоспарланған, одан кейінгі сабақ келесі айда ұйымдастырылады. Сабақтар облыстық перинаталдық орталықтың күндізгі стационарында өтеді.

Одан бөлек, осы аптадан бастап облыстық перзентханада ақылы палаталар іске қосылған. Бұл бір кездері болып, қайта жабылып қалған болатын.

 - Ақылы палатада аналар босанғаннан кейін жата алады. Оның бір ерекшелігі - босанған әйелге көмекші ретінде оның туысы немесе жолдасы қасына кіріп, көмектесе алады, тіпті қасына қонуға да болады. Ол жерде барлық жағдай жасалған, жеке жуыну бөлмесі, теледидар, тамақ ішетін бөлмесі бар, - деді Н. Исмагулова.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті баспасөз қызметі жолдады 

6 қараша, 13:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.