Атырау, 26 желтоқсан 18:18
 ашықВ Атырау -4
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Атырауда сот блогерлерге күш қолданған кәсіпкерге айыппұл салды

814 просмотра

Атырау қаласының №2 сотынд екі немесе одан да көп адамға қатысты тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны үшін айыпталғанға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-тің 109-1-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы), деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Не жағдай болды

Атырау блогерлері қаланың сауда орталықтарының бірінің бутигіне кіріп, тікелей эфирге шығып, сауда орталығының санитарлық нормаларды сақтамауы бойынша полиция қызметкерлерін шақырған. Сотталушы - бутик иесінің ұлы ашуланып, күш қолданып, оларды сауда орталығынан шығаруға тырысып, осылайша олардың денсаулығына зиян келтірместен, тән ауруын тудырған.

Тараптардың позициясы

Прокурор сотталушыны 40 тәулікке қамаққа алып, жәбірленушілердің азаматтық талап арыздарын толық қанағаттандыруды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындамай, өзін ақтауды сұрады. Жәбірленушілер сотталушыға қатаң жаза тағайындауды сұрады. Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, іске тіркелген бейнежазбалармен дәлелденді.

Сот шешімі

ҚК-тің 109-1-бабының 2-бөлігінің 1-тармағында 100-ден 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 100-ден 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 30 тәуліктен 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түріндегі жаза көзделген.

Сотталушы ҚК-тің 109-1-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 461 500 теңге (125 айлық есептік көрсеткіш) айыппұл салу жазасы тағайындалды. ҚК-тің 98-3-бабының негізінде оның жүріс-тұрысына 3 ай мерзімге ерекше талаптар белгіленді.

Азаматтық талап арыздар ішінара қанағаттандырылды: сотталушыдан жәбірленушілердің әрқайсысының пайдасына 200 мың теңгеден моральдық залал өтемақысы өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

6 қараша, 04:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.