Атырау, 26 желтоқсан 17:58
 ашықВ Атырау -4
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

№1 Атырау облыстық аурухананың екі ғимараты күрделі жөндеуге жабылды

Бейнежазба
737 просмотра

Қазір мұндағы урология, нефрология, эндокринология, гематология, ревматология, лор және гинекология бөлімшелері модульдік ауруханаға көшірілуде, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Күрделі жөндеуге жабылған екі корпус 1998 және 2002 жылы салынған. Ал 1967 жылы бой көтерген ескі ғимаратта инсульттық орталық, травматология, және нейрохирургия бөлімшелері штаттық режимде жұмысын жалғастыра береді.

- Қарашаның ортасына дейін жеті бөлімшені көшіріп, жөндеу жұмыстарын бастаймыз. Ал наурызда жансақтау бөлімі, хирургия, лаборатория көшіріледі. Әзірге жедел-жәрдеммен келген науқастарды облыстық ауруханада қабылдаймыз. Ал, науқас емге жатқызылар болса, жедел-жәрдем көлігімен модульдік ауруханаға жеткізіледі, - деді №1 облыстық аурухана директоры Ербол Иманғалиев.

Күрделі жөндеу жұмыстары барысында аурухананың есік-терезелері, жылу, су құбырлары толықтай ауыстырылып, ішкі-сыртқы қабырғаларын әрлеу жұмыстары жүргізіледі.


6 қараша, 04:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.