Атырау, 22 қараша 02:57
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Атыраудағы мектептер мен балабақшалар тексерілгеннен кейін 50-ден астам лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

844 просмотра

Тексеріс барысында санитариялық-эпидемиологиялық, өрт, медицина саласында заң бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 63 040 900 теңге  (14 жеке, 42 мем. мектеп / 30 жеке, 20 мем.балабақша), Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті  4 287 360 теңге (9 жеке, 2 мем. мектеп / 14 жеке, 8 мем.балабақша), Төтенше жағдай басқармасы 1 218 360 теңге (3 жеке, 1 мем.мектеп / 20 жеке, 20 мем.балабақша), Білім саласында сапаны қамтамсыз ету департаменті 11 795 940 теңге (12 жеке/ 47 мем.мектеп /11 жеке, 1 мем.балабақша), еңбек инспекциясы 1 772 160 теңге (2 жеке мектеп / 4 жеке балабақша) айыппұл салды.

Тексеріс қорытындысымен 260 прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, нәтижесінде 51 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды және мемлекет пайдасына 82 114 720 теңге айыппұл өндірілді.

Бұдан басқа, алаяқтық жолмен мемлекеттен заңсыз 16,5 млн теңге алған үш балабақша меңгерушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта көрсетілген сома мемлекетке толық қайтарылды.

5 қараша, 18:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.