Атырау, 26 желтоқсан 17:44
 ашықВ Атырау -4
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Еркінқала тұрғындары жаяу жүргіншілер жолының жоқтығына шағымданды

859 просмотра

Атырауда қайта жаңғыртудан өтіп жатқан Жастар көшесі мен Еркінқала ауылына дейінгі 11,1 шақырым жолдың бірінші бөлігі мен Сұпыш Хасанов көшесі көлік қозғалысы үшін толық ашылды.

Бұл жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің көңілінен шықпады. Редакцияға хабарласқан Ракуш ауылының тұрғындары жол іргесінде жаяу жүргіншілер жолының жоқ екенін, бас жолдан көшелерге кіретін жол салынбағандықтан үйлеріне көлікпен келу қиын екенін айтып шағымданды.

- Жол жөндеу құрылысы басталғалы кәріз суының құдығы да сорылмады. Тас жолдың бойында тұрған үйлерге кіретін жол төсеп беруге уәде берген еді. Ол да орындалмады. Қазіргідей балшық күндері жолға жаяу шығудың өзі мұң. Асфальт бұрынғыдан биікте орналасқан. Балалар мен қарттар ол жолға қалай шығады? Уәде еткен веложол мен жаяу жүргіншілер жолы қайда?

Қалалық әкімдік тұрғындардың бұл мәселесінен хабардар екенін жеткізді. Атырау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, жолдың іргесіндегі үйлерге түсетін асфальт төсеу келесі жылға қаралған. 

 - Біз тұрғындарға қолайсыздық тудырмас үшін уақытша жол салып береміз. Жолдың астында су құбырлары, коммуникациялық желілер жүріп жатқандықтан, ол үйлерге дейін жететін жаңа асфальтты төсеу келесі жылға жоспарланған. Бұл жөнінде мердігер «АИС» мекемесіне тапсырма берілді, - деді жолдар бөлімінің маманы Қуаныш ҚАБДЫҒАЛИ.

Сонымен қатар, жол бойында жаяу жүргіншілер жолы мен веложол салынып, келесі жылы тас жолдың соңғы қабаты төселетіндігін айтты. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

6 қараша, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.