Атырау, 11 желтоқсан 23:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Түркияда​ ресейлік "көкек анаға" қатысты қылмыстық іс қозғалды

349 просмотра

18 жастағы ресейлік Анталья әуежайының дәретханасында босанып, нәрестені тастап, ұшып кетпек болған. Қазір ол осы әрекеті үшін Түркияда сотталуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

18 жастағы Екатерина Бурнаскина өзінің жағдайы туралы бала туылғаннан кейін ғана білді, артық салмағы мен гормоналды мәселелеріне байланысты бұл жайында мүлдем күдіктенбеген.

Жас ананың Ресейге ұшар күні іші қатты ауырып, дәретханаға бірнеше рет барып, баланы сонда дүниеге әкелген.

Бурнаскинаның қорыққаны соншалық, баланы тастап, ұшуға тіркелу бөлімшесіне асыққан. Алайда, қашып құтыла алмаған. Дәретханадағы баланы тазалаушы әйел тауып алды, ал әуежай әкімшілігі полиция шақырды.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері камералардың көмегімен, бұл кімнің әрекеті екенін дереу тапты. Күдіктімен қатар оның анасы да қамаққа алынды. Қазір оларға қатысты "баланы қауіп-қатерге қалдыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ал, нәресте Түркиядағы әлеуметтік қызметкерлердің қолына берілді. Сондай-ақ, Ресей елшілігі оған Ресей азаматтығын берді.

5 қараша, 14:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.