Атырау, 12 желтоқсан 00:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

Мақаттағы қоғамдық тыңдаулар: ГӨЗ құрылысына қатысты мәселелер мен талаптар

698 просмотра
Мақат ауданындағы қоғам белсенділерінің Facebook парақшасынан алынған сурет.

Мақатта қуаттылығы 1 млрд текше метр газ өңдеу зауытының құрылысына қатысты қоғамдық тыңдаулар өтіп жатыр. Бас мердігер -«Qazaq Construction Group» ЖШС, деп хабарлайды Petrocouncil.kz.

Жұртшылық өкілдері Энергетика министріне өз талаптарын айтты, өйткені маңызды мемлекеттік жоба қатаң бақылауды қажет етеді деп есептейді. Бұдан басқа, Ескенеге баратын кірме жолды жөндеп, жергілікті халықты жұмыспен қамтуды талап етуде.

Олардың айтуынша, газ өңдеу зауытының құрылысы басталғалы 4 жыл болды, бірақ жобаны жүзеге асыруда үлкен қиындықтар туындап отыр, заң бұзушылықтар да көп. Зауытта Мақат ауданынан бар болғаны 150 адам жұмыс істейді, ал бас мердігер жұмысшыларды басқа өңірлерден алады.

5 қараша, 13:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.