Атырау, 12 желтоқсан 00:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

«Жетісу» – «Атырау» – 0:2

712 просмотра

Талдықорған қаласында жергілікті «Жетісу» мен «Атырау» командасының 25-тур ойыны өтті. Кездесу меймандардың айқын басымдығымен аяқталды.

Бұл ретте беларусь шабуылшысы Николай СИГНЕВИЧ дубль жасап, мансабын 10 голмен толықтырды. Айта кетейік, бірінші гол айып добынан соғылды. Қақпа алаңының шетінен жасалған айып добын №10 ойыншы, яғни барлық шабуылдың бақылаушысы Ренат ЖҰМАТОВ соқты. Ал шабуылшыға қарсы тұрған Николай допты қақпаға туралады.

Екінші гол да айып добынан, пенальтиден соғылды. «Жетісу» қорғаушысының қолына доп тиген еді. Николай допты қақпашының секіруге ыңғайланған бағытына қарсы бұрышқа соқты.

Премьер-Лиганың ағымдық чемпионатындағы келесі, соңғы ойыны 10 қараша күні сағат 14:00-де өтеді. «Атыраудан» үміт жоқ, ол 7-орында. Кем дегенде, ТОП 10-ға кірді. Ал «Қайратқа» чемпион болу үшін ұпай керек: ойын тартысты болмақ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

Сурет: kazfootball.kz

5 қараша, 13:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.