Атырау, 26 желтоқсан 19:33
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

ҚазМұнайГаз бен Air Liquide екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

606 просмотра

Парижде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Air Liquide компаниясының бас директоры Франсуа Жаковпен кездесті. Тараптар техникалық газ өндіру саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Кездесуде айтылған басты жобалардың бірі – Павлодар мұнай-химия зауытында (ПМХЗ) сутегі өндіретін жаңа қондырғыны салу. Қуаты сағатына 12,5 мың текше метр болатын қондырғы жеңіл мұнай өнімдерінің өндірісін едәуір арттырады және қысқы дизель отынын шығаруға мүмкіндік береді. Жоба ҚМГ мен Air Liquide компанияларының бірлескен кәсіпорны — «Эр Ликид Мұнай Тех Газы» ЖШС арқылы іске асырылуда.

Air Liquide техникалық газ өндіру мен басқару ісіндегі әлемнің ірі жетекші компаниясы ретінде Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Павлодар мұнай-химия зауыты қондырғыларының жұмысын оңтайландыру үшін озық шешімдерді ұсынады. Бұл энергия тиімділігін арттыруды және көміртегі ізін азайтуды қамтиды. Аталмыш шаралар экологиялық көрсеткіштерді жақсартады, сондай-ақ түрлі өндірістік процестер үшін сутегі мен азотты жеткізу тұрақтылығына оң әсер етеді.

А.Хасенов ҚазМұнайГаз дизель отыны өндірісін ұлғайту үшін техникалық газдардың сенімді жеткізілуін қамтамасыз ете отырып, Air Liquide компаниясымен өзара тиімді шарттармен ынтымақтастық орнатуға дайын екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ұзақ мерзімді серіктестікті дамыту және ПМХЗ-да жаңа қондырғы жобасын іске асыру барысын жеделдету ниетін растады.

Анықтама:

Air Liquide (Эр ЛИК Рид) — 1902 жылы құрылып, техникалық газ шығаратын Францияның химия компаниясы. Air Liquide бұл саладағы жетекші әлемдік көшбасшы компания.

«Эр Ликид Мұнай Тех Газы» ЖШС — 2016 жылы құрылған Air Liquide және ҚМГ-ның бірлескен кәсіпорны, қатысу үлестері, тиісінше 75% және 25%.

5 қараша, 12:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.