Атырау, 24 желтоқсан 08:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Атырау облысындағы тубдиспансерлер ғимараты басқа мақсатқа пайдаланылады

951 просмотра

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, туберкулез сырқатына шалдығушылар соңғы жылдары күрт азайған. Ал бұрын науқастардың көптігіне орай салынған ғимараттар қажетсіз болып қалған.

Бүгінде туберкулез сырқаты есебінде 452 науқас тіркелген. Тарқатып айтатын болсақ: 2019 жылы 881, 2020 жылы 719, 2021 жылы 659, 2022 жылы 671, ал 2023 жылы 556 науқас болған. Негізі 2019 жылмен салыстырғанда, аурушаңдық 1,9 есе төмендегенін көруге болады. Жалпы облыс бойынша бұл сырқатпен ауырғандарға арналған бір орталық Атырау қаласында орналасқан.

Бұдан шамамен 15 шақты жыл бұрын туберулез сырқатына шалдығушылар көп болатын. Осы себептен аудандарда ауруханалар жаппай ашылып, жұмыс жасап тұрды. Әрі үкіметтен қатты көңіл бөлініп, сырқаттарға көп жағдай жасала бастады: кезектен тыс үй беріліп, шипажайларға жолдамалар тапсырыла бастады. Науқастармен байланыста болғандар үшін бөлек ем жүргізіліп, арнайы балабақшалар ашылды.  

БӘРІ ӨЗГЕРДІ

Бүгінде қыруар қаржыға салынған немесе күрделі жөндеу жүргізілген ауданаралық өкпе аурулар ауруханалары жабылып қалды. Жылыой ауданында мұндай ауруханаларға басқа бір мақсатқа пайдалану үшін күрделі жөндеу жүргізілсе, Махамбет, Құрманғазы, Мақат ауданындағы типтік ауруханалар қаңырап бос тұр. Қараусыз қалғанына бірнеше жыл болған ғимараттардың сыртқы сылақтары түсіп, жүргінші жолы мүжіліп, жабайы өсімдіктер басып кеткен. Иесіздіктің қамытын киген бұл аурухана ғимараттары қашанғы осы күйде тұрады?

- Аурухана ғимараты ауылдың ішінде орналаспаған, шамамен Махамбеттен 2 км қашықтықта. Бұл аудандық әкімдіктің балансында емес, дегенмен біз ішкі істер бөліміне ұсынғанбыз, олар бас тартты. Шалғай орналасуына байланысты бұған ешкім қызығушылық танытпай отыр,-дейді Махамбет ауданының әкімі Қайрат НҰРЛЫБАЕВ.

Біз облыс әкімінің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВКЕ шыққанбыз. Ол былай деп жауап берді: «Ойластырып жатырмыз, бұл аудандардағы ғимараттар бұлай тұра бермейді. Құрманғазы ауданындағы аурухана ғимараты аудан әкімдігінің балансына беріледі, Мақаттағы ғимарат облыстық денсаулық сақтау басқармасының балансына беріліп, олар оңалту орталығын ашпақшы. Ал Махамбеттегі ғимарат психоневрологиялық  диспансер филиалы ретінде пайдаланылады. Бүгінде жөндеп, жаңартуға қаражат бөлініп жатыр».

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

5 қараша, 18:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.