Атырау, 26 желтоқсан 17:08
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Құрманғазы ауданында екі мәдениет нысаны салынады

667 просмотра

Құрманғазы ауданының Асан және Ғизат Әліпов ауылдарында 100 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жоба бойынша мәдениет үйі грим, кітап сақтау, оқу, әкімшілік, ойын, күту және қосымша техникалық-санитарлық бөлмеден тұрады.

- «ҚұрылысТаймКонтракт» ЖШС қыркүйекте құрылыс жұмыстарын бастады. Қазір Ғизат Әліпов ауылында жер учаскесі дайындалып, іргетасын құю жұмыстары жүріп жатыр. Ал Асан ауылында жер учаскесін дайындалып, құрылыс материалдары тасымалдануда. Екі ауылға да 10 жұмысшы, 1 эксковатор-погрузщик, 1 камаз, 1 манипулятор жұмылдырылған, - деді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Жасұлан Сүндетов.

Анықтама үшін: Асанда 582, Ғизат Әліпов ауылында 487 тұрғын бар. Мәдениет үйлері пайдалануға берілгеннен кейін аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің теңгеріміне беріледі. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың екінші тоқсанында аяқталады деп күтілуде.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

5 қараша, 13:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.