Атырау, 26 желтоқсан 22:57
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Атырауда өңірлік әуе компаниясы құрылады - БАҚ

783 просмотра

Атырау әуе айлағының жаңа қожайыны өңірлік әуе компаниясын құруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Petrocouncil.kz ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

Әуе компаниясы 2009 жылы жұмысын тоқтатқан жергілікті «Атырау Әуе Жолы» тасымалдаушысының үлгісі бойынша құрылады.

«QazAir Investments LLC» Азаматтық авиация комитетімен Атырау әуежайына «ашық аспан» режимін алу туралы келіссөздер жүргізуде. Бұл  жаңа бағыттардың пайда болуына және жаңа авиакомпаниялардың келуіне әкеледі.

Естеріңізге салсақ, 2024 жылдың тамыз айында үкімет «ATMA – «Атырау әуежайы және Тасымалдау» АҚ акцияларын Катар елінің QazAir Investments LLC компаниясына беруді мақұлдаған болатын. Мәміле сомасы 17-18 миллион доллар болуы мүмкін еді, ал инвестор жаңа терминал салуға және инфрақұрылымды жаңартуға 50 миллион доллар инвестициялауға уәде беріпті.

4 қараша, 22:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.