Атырау, 22 қараша 02:24
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Атырау мұнай өңдеу зауыты штаттық режимге шықты

701 просмотра

Жоспарлы-алдын алу жұмыстары мен іске қосу-баптау шаралары аяқталғаннан кейін Атырау мұнай өңдеу зауыты толығымен штаттық режимге шықты, деп хабарлайды зауыттың баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда ЭЛТҚ АҚ-2, ЭЛТҚ-АВҚ-3, бензин мен дизель отынын гидротазарту құрамдастырылған қондырғысы, күкірт өндіру, аралас күкірт өндіру, каталитикалық риформинг (CCR), каталитикалық крекинг, cұйытылған көмірсутекті газдарды күкіртсіздендіру (Sulfrex), нафтаны селективті гидрогенизациялау (Prime G ), жеңіл газойльді гидротазарту (Prime D), ТАМЭ өндірісі және нафтаны гидротазарту секілді негізгі өндірістік қондырғылар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Тәуліктік мұнай өңдеу көрсеткіші 14 380 тоннаны құрайды. Қараша айының басынан бері 43 800 тонна шикізат өңделді.

Қазіргі кезде тауарлық өнім шығарудың тәуліктік көлемі келесідегідей: автобензиндер 4 930 тонна, дизель отыны 2 300 тонна, сұйытылған газ 1 100 тонна, әуе отыны – 900 тонна. Мұнай өнімдерін жөнелту жұмыстары Энергетика министрлігімен бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Ай басынан бері автобензиндер 8 300 тонна, оның ішінде АИ-95 маркалы автобензин 2 852 тонна, ДТ-З маркалы қысқы дизель отыны – 5 622 тонна, сұйытылған газ – 2 873 тонна көлемінде жөнелтілді. Мұнай өнімдерін жөнелту процесі кедергісіз жүргізілуде, зауыт штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Жоспарлы-алдын алу жұмыстары кезінде баяу кокстеу қондырғысында қосымша жұмыстар анықталып, қазіргі кезде ақаулар жойылуда. Қондырғыны жақын арада іске қосу жоспарланған.

4 қараша, 22:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.